jitsu gif
Спорт

    Азия ойындарында қос қазақстандық өзара қолаға таласты

    Мариан Ордабаева
    Мариан Ордабаева. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында джиу-джитсудан Мариан Урдабаева 3-орынға таласта отандасымыз Ажар Салықовадан басым түсіп, қола медальді жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Джиу-джитсудан 65 келі салмақта екі отандасымыз сынға түсті. Десе де Мариан Урдабаева бұл сайыста басым түсіп, Ажар Салықованы 7:0 есебімен ұтты.

    Айта кетейік, бұл - 35 жастағы Мариан Урдабаеваның Азия ойындарындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін ол 2014 жылы Инчхонда дзюдодан қола жүлдегер атанған еді.

    Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазірдің өзінде 71 медаль бар. Біздің спортшылар тоғыз алтын, 19 күміс және 43 қола медаль жеңіп алды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.