Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шахматтан әйелдер құрамасы Азиаданың қола жүлдесін еншіледі

Опубликовано:

Жансая Әбдімәлік Азиадада
Жансая Әбдімәлік Азиадада Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Азия ойындарында бақ сынаған шахматтан Қазақстан құрамасы ел қоржынына қола жүлде салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Командалық бәсекеде бақ сынаған Қазақстан құрамасы шешуші 9-турда Өзбекстанды 3:1 есебімен жеңіп, үшінші орынға ие болды.

Шахметтан әйелдер құрамасында Жансая Әбдумәлік, Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрманова, Меруерт Камалиденова және Динара Сәдуақасова бар.

Аталмыш сайыста бірінші орынды Қытай құрамасы алса, екінші орын үндістандықтарға бұйырған.

Қазіргі уақытта Азия ойындарының рейтингісінде Қазақстан тоғызыншы орында тұр. Ел қоржынына 76 медаль салынды. 10 алтын, 20 күміс және 46 қола.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2040020-saxmattan-aielder-quramasy-aziadanyn-qola-zuldesin-ensiledi/

pixel