Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Асланбек пен Карина үшін соңына дейін күресеміз": Рақышев сотқа шағымданатынын мәлімдеді

Жарияланған күні:

Асланбек Шымбергенов
Асланбек Шымбергенов. Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

Қазақстан бокс Федерациясының президенті Кеңес Рақышев Азия ойындарындағы боксшылар бәсекесі мәресіне жетсе де, әділдік жолындағы "жекпе-жектер" әлі аяқталмағанын мәлімдеді. Федерация басшысы сотқа шағымданатынын жеткізді. Бұл туралы федерацияның Instagram-дағы ресми парақшасына хабарлады.

"Қазақстан бокс Федерациясы Қытай шаршы алаңында жекпе-жектер ұйымдастырған PBU ұйымына (Париж-2024 Олимпиадасындағы ХОК бокс бойынша жұмыс тобы) сотқа шағымданатынымызды ресми түрде мәлімдеймін. Басты мақсат - Асланбек Шымбергеновке Олимпиада лицензиясын және Карина Ибрагимоваға алтын медалін қайтару", - деді Кеңес Рақышев.

Ол боксшыларымыздың құқықтарын қорғауға қатысты шаралар аясында Туризм және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитетінің бастамасын толығымен қолдайтынын атап өтті.

"Біз бір жұдырық болып бірігіп, төрешілердің әділетсіздігіне және қабылдаушы тараптың қабілетсіздігіне қарсы шығуымыз керек. ҚБФ оған қоса өз тарапынан құқықтық рәсімдер мен пәрменді әдістерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізеді. Турнирді IBA емес, ХОК өткізді, сондықтан шешімді өзгерту, шағым жасау және нәтижені қайта қарау жағдайлары мүмкін емес. Сонымен қатар, ХОК-тың тарихында бокстағы шешімдерді өзгерткен жағдай болып көрмеген. Бірақ біз Асланбек пен Карина үшін соңына дейін күресеміз. Біз үшін олар - нағыз чемпиондар", - деді Қазақстан бокc Федерациясының президенті Кеңес Рақышев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2040026-aslanbek-pen-karina-usin-sonyna-deiin-kuresemiz-raqysev-sotqa-sagymdanatynyn-malimdedi/