Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азиада-2023: Су добынан ерлер құрамасы Қазақстанға қола сыйлады

Опубликовано:

Cу добынан Қазақстан құрамасы жарыста
Cу добынан Қазақстан құрамасы жарыста Фото: Нұрғали Жұмағазы

Ханчжоудағы Азия ойындарында су добынан ел намысын қорғаған ерлер құрамасы құрлықтық доданың қола медалін иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Су добынан ерлер бәсекесінде Қазақстан құрамасы 3-орын үшін өткен кездесуде ирандықтарға қарсы шықты. Тартысқа толы матчтің негізгі уақыты 7:7 есебімен аяқталып, буллит сериясында 3:2 есебімен жерлестеріміздің мерейі үстем болды.

Айта кетейік, бұған дейін шахматтан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанғанын хабарлаған едік.

Қазіргі уақытта Азия ойындарының рейтингісінде Қазақстан тоғызыншы орында тұр. Ел қоржынына 76 медаль салынды. 10 алтын, 20 күміс және 46 қола.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2040021-aziada-2023-su-dobynan-erler-quramasy-qazaqstanga-qola-syilady/

pixel