Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан қоржыны Азияда ойындарының соңғы күнінде күміс пен қола медальмен толықты

Опубликовано:

Мөлдір Жаңбырбай Олимпиада қарсаңында жеке бапкерінің өмірден өткенін айтты
Мөлдір Жаңбырбай. Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарын аяқтады. Соңғы күні біздің спортшылар күміс пен қола медаль жеңіп алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Каратэден 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әйелдер арасында өткен финалдық кездесуде Мөлдір Жаңбырбай күміс медаль алды. Ол финалда Тайбейден келген Шуанг Гуға есе жіберді.

Шебер жүзуден Қазақстан командасы қола жүлдеге қол жеткізді. Біздің спортшылар 663.7417 балл жинады. Бірінші орын алған Қытай 868.9676 ұпай еншіледі. Күміс медальді 831.2535 ұпай жинаған жапониялық синхроншылар алды.

Бұл қазақстандық атлеттерлдің Азиядадағы соңғы өнер көрсетуі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2040055-qazaqstan-qorzyny-aziyada-oiyndarynyn-songy-kuninde-kumis-pen-qola-medalmen-tolyqty/

pixel