Азия ойындарына қатысқан қазақстандық спортшылар елге оралды (видео)
Опубликовано:
Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарына қатысып, жүлделі орындарды иеленген қазақстандық спортшылар елге оралды. Қалың көпшілік ел намысын қорғаған отандастарын жоғары деңгейде күтіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматы әуежайында Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарынан елге оралған спортшыларды туыстары, жанкүйерлері мен БАҚ өкілдері қошеметпен қарсы алды.
Жиналған көпшілік спорттық додада барын салған отандастарына құрметін көрсетіп, өз алғысын білдіріп жатты.
Жанкүйерлер сүйікті спортшыларымен естелікке суретке түсіп, ақ тілектерін жолдады.
Азия ойындарында ұлттық құрама 10 алтын, 22 күміс пен 48 қола (барлығы 80) жүлде жеңіп алды.
- Азия ойындарында медаль алған қазақстандық спортшыларға қандай сыйақы төленеді
- Азия ойындары аяқталды: Қазақстан медаль саны бойынша қай орында тұр
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2040130-aziya-oiyndaryna-qatysqan-qazaqstandyq-sportsylar-elge-oraldy-video/