Ханчжоудағы жазғы Азия ойындары біткеннен кейін Қазақстан құрамасы 80 медальмен 11-орынға тұрақтады. KAZ.NUR.KZ тілшісі Азиада чемпиондары мен жүлдегерлері қанша сыйақы алатынын анықтады.
Қытайда өткен Азиада нәтижесінде Қазақстан 10 алтын, 22 күміс және 48 қола медаль иеленді.
№ 1345 үкімет қаулысында Азиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне берілетін сыйақы мөлшері көрсетілген. Оған сәйкес:
- алтын медаль алғандарға 10 000 доллар;
- күміс медаль алғандарға 5000 доллар;
- қола медаль алғандарға 3000 доллар беріледі.
Сонымен қатар чемпиондар мен жүлдегерлердің жаттықтырушыларына да тиісінше 5000, 3000 және 2000 доллар сыйақы төленеді.
Егер медальді спорттың командалық түрінен алса, онда сыйақы әрбір спортшыға жеке төленеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2040071-aziya-oiyndarynda-medal-algan-qazaqstandyq-sportsylarga-qandai-syiaqy-tolenedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.