Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Волейболшы Сабина Алтынбекованың басы дауға қалды

Опубликовано:

Сабина Алтынбекова
Фото: instagram.com/altynbekova_20

Қазақстандық танымал спортшы Сабина Алтынбекова даулы жағдайға тап болды. Оның ақылы курсын сатып алып, бірақ көңілі толмағандар ақшасын керу қайтаруды талап етуде. Тіпті бір адам сотқа арыз түсірген, деп хабарлайды КТК арнасы.

Танымал спортшы биыл қыздарға арналған қауымдастық құратынын жариялаған еді. Осы жылдың маусым айында курс ашып, сатылымға шығарады. Курстың бағасы жан басына шаққанда 290 мың теңге болған көрінеді. Тіпті кейбір желі қолданушылары оны несиеге сатып алған екен.

Алайда Сәбинаның курсы қыздардың барлығына бірдей ұнамапты. Олар спортшыны сынға алып, ақшасын қайтаруын талап еткен. Волейболшыны сотқа бергендер де бар.

Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Полиция департаменті бұл дерек бойынша Р. есімді азаматтың арызы Түрксіб ауданы полиция басқармасына 6 қазанда келіп түскенін хабарлайды. ҚР ҚІЖК 179-бабының талаптарын негізге ала отырып, тараптар арасында шарттық қатынас болуын ескере отырып, Р. есімді азаматқа азаматтық-құқықтық тәртіпте сотқа жүгіну ұсынылды", -деді ПД баспасөз хатшысы.

Дереккөз: КТК телеарнасы

KAZ.NUR.KZ порталы аталған жағдайдың мән-жайын білу үшін Сабина Алтынбекованың менеджеріне хабарласты. Спортшының тарабы тек үш күн ішінде ғана жауап бере алатындары жайлы хабарлама жіберді. Әзірге волейболшының өкілінен ресми жауап жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2040473-voleibolsy-sabina-altynbekovanyn-basy-dauga-qaldy/

pixel