jitsu gif
Спорт

    Жансая Әбдімәлік Бибісара Асаубаевамен арақатынасына қатысты сұраққа жауап берді

    Жансая Әбдімәлік
    Жансая Әбдімәлік. Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

    Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Бибісара Асаубаевамен қазіргі уақытта қандай арақатынаста екенін ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Instagram желісінде оқырмандардың бірі Жансая Әбдімәліктен Бибісарамен арақатынасы жайлы сұрақ қойды. Шахматшы арудың жауабы көпшілікті таңғалдырды.

    "Бибісарамен араласасыз ба?" , - деп сұрады желі қолданушысы.

    "Жоқ. Бұл өмірде оған мұндай бақыт бұйырмай тұрған болар", - деп жауап қатты Әбдімәлік.

    Жансая Әбдімәліктің Stories-і
    Жансая Әбдімәліктің Stories-і. Скриншот: Instagram/zhansaya_abdumalik

    Айта кету керек, осы жылдың көктемінде шахматтан Үндістанда өткен жарыста қос арудың арасында түсініспеушілік туындап, екеуі желіде жанжалдасып қалған болатын.

    Алайда жақында аяқталған Азия ойындарында Жансая мен Әбдімәлік желіде бірге түскен суреттерін жариялаған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.