Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сағым сынбайды": Сабина Алтынбекова даулы жағдайдан кейін үндеу жасады

Опубликовано:

Волейболистка Сабина Алтынбекова
Сабина Алтынбекова. Фото: instagram.com/altynbekova_20/

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова өзіне қатысты даулы жағдайдан кейін әлеуметтік желіде үндеу жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Спортшы Instagram парақшасында жазба жариялап, көреалмаушылық танытып жүргендерге үндеу жасады.

Алтынбекова орын алған жағдайға көңілін түсірмейтінін жеткізді. Волейболшы ару бұрыңғыдан да көп еңбектеніп, алға қойған мақсаттарына жетуге талпынатынын айтты.

"Көреалмаушылық адамды бақытсыз етеді. Ондай адамдар өздері көре алмайтын жан бағынан айырылған кезде ғана тыныштық табады екен. Сол себепті белгілі бір адамдарға үндеу жасағым келеді. Қанша пасық әрекет жасасаңыз да, белгілі бір адамдарға ақшаға арыз жаздыртсаңыздар да менің өміріме ол әсер етпейді.

Мен еңбек етуді, өмірімді жақсартуды жалғастыра беремін. Алға қойған мақсаттарыма жету үшін барымды саламын. Менің сағым сынбайды. Мен ренжімеймін, ашуланбаймын да. Менің беделіме нұқсан келтіре алмайсыздар. Себебі ақылды адам бәрін өзі түсінеді.

Сіздердің әрекеттеріңізді өз пайдама қолданамын. Бақытты болыңыздар. Өз өміріңізді жақсартуға асығыңыздар. Басқа біреуді жек көруге және сынауға уақытыңыз болмауына тілектеспін", - деп жазды Сабина.

Айта кетейік, бұған дейін Сабина Алтынбекованың даулы жағдайға тап болғаны белгілі болды. Спортшының курсын сатып алғандар наразылығын білдіріп, біреуі сотқа арыз түсірген деген ақпарат тарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2040758-sagym-synbaidy-sabina-altynbekova-dauly-zagdaidan-keiin-undeu-zasady/

pixel