jitsu gif

    Ресейлік альпинист әйел Гималай тауларынан құлап кетті

    тауда жүрген адамдар
    Тауда жүрген адамдар. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алпьинизмнен Ресей чемпионы Надежда Оленева Непалда жыраға құлап кетті. Бұл туралы sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    14 қазан күні Непалдағы Дхаулагири шыңын бағындыруға аттанған Надежда Оленеваның жыраға құлап кеткені хабарланды.

    Оленева үш адамнан құралған тобымен 6680 метр биіктікте болған. Оның әріптестері Роман Абилдаев пен Расим Кашиповтың мәліметінше, Надежда 500 метрге құлауы мүмкін.

    Бірақ федерация мен құтқарушылар басқаша мәлімет келтіріп отыр. Күн райының қолайсыздығына байланысты Надежданың денесі әлі де болса жырадан алынған жоқ.

    Тікұшақпен тексерген құтқарушылар жырада жатқан Оленеваның денесін көргенімен, қолайсыз ауа райына байланысты төменге құлдилай алмаған.

    Ал шыңға аттанар алдында Оленева желідегі парақшасына жазба қалдырып, сегіз мың метрлік тауды бағындыратыны үшін қуанышты екенін жеткізген.

    Құтқарушылар Надежда Оленеваның денесіне бүгін баруды жоспарлап отыр.

    Ресейлік альпинист әйел Гималай тауларынан құлап кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.