jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақ теннисшісі Бейбіт Жұқаев әлемдік рейтингте бірден 53 сатыға жоғарылады

    Бейбіт Жұқаев
    Бейбіт Жұқаев кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орны анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингінде Қазақстанның 1-ракеткасы Александр Бублик 35-тен 36-ға сырғыды.

    Тимофей Скатов 134-тен 190-ға төмендеді.

    Есесіне Михаил Кукушкин 245-тен 211-ге, Денис Евсеев 260-тан 240-қа көтерілді.

    Бейбіт Жұқаев бірден 53 сатыға жоғарылап, 302-ден 249-орынға жайғасты.

    Жұптық сында Александр Недовесов 45-тен 43-ке, Андрей Голубев 65-тен 62-ге көтерілді.

    Қазақстанның әйелдер арасында 1-ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингісінде 5-орында қалса, Юлия Путинцева 68-ден 66-ға көтерілді.

    Жұптық сында Анна Данилина 32-сатыда тұрса, Рыбакина 116-дан 115-ке ауысты.

    Жібек Құламбаева 154-тен 157-ге төмендеді.

    Қазақ теннисшісі Бейбіт Жұқаев әлемдік рейтингте бірден 53 сатыға жоғарылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.