jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Бельгияда ЕURO-2024 іріктеу матчының алдында екі адам оққа ұшты

    Брюссель
    Оқиға орны. Фото: HATIM KAGHAT/Belga/AFP via Getty Images

    Брюссельде ЕURO-2024 іріктеу кезеңіндегі Бельгия мен Швеция матчы басталмас бұрын екі адам оққа ұшты. Ел билігі мұны теракт деп бағалап, ойын өткізілмей қалды.

    РИА Новости агенттігінің жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап жазуынша, кеше түнде Бельгия астанасы Брюссельде екі адам оққа ұшты.

    Шабуыл кешкі сағат жетіден кейін (Астана уақыты бойынша 23:00) болған.

    Белгілі болғандай, белгісіз біреу Брюссель орталығындағы ғимараттардың біріне келіп, футболдан Швеция ұлттық құрамасының формасын киген жаяу жүргіншілерге оқ жаудырған.

    Қаза тапқандар - Брюссельдегі матчқа өз елінің ұлттық құрамасын қолдау үшін келген Швеция азаматтары.

    РБК мәліметінше, шабуыл 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі "Бельгия - Швеция" ойынына екі сағат қалғанда болған.

    Швеция Сыртқы істер министрлігі елдің екі азаматының қазасы туралы ақпаратты растады.

    "Біз бұл жағдайды тексеріп жатырмыз және жергілікті билікпен байланыстамыз", - деп хабардар етті ведомстводан.

    CNN мәліметінше, Бельгия билігі бұл оқиғаны теракт деп атап, лаңкестік қауіптің ең жоғары деңгейі деп бағалаған.

    Бельгияда ЕURO-2024 іріктеу матчының алдында екі адам оққа ұшты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.