Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина бір жылда қанша миллион табыс тапқан

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: instagram.com/lenarybakina/

Әлемнің ең үздік он теннисшісінің, оның ішінде қазақстандық Елена Рыбакинаның бір жылдық табысы жарияланды. Бұл туралы "Teннисология" Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Отандасымыздың жылдық табысы 4, 6 миллион доллар (шамамен 2 миллиард 200 миллион теңге). Жылдық табысы жөнінен Рыбакина төртінші орынға табан тіреген.

Ең табысты он теннисші тізімі:

1. Арина Сабаленко – 7,3 миллион доллар;

2. Коко Гауфф – 5,5 миллион доллар;

3. Ига Швентек – 5,4 миллион доллар;

4. Елена Рыбакина – 4,6 миллион доллар;

5. Маркета Вондроушова – 4,2 миллион доллар;

6. Джессика Пегула – 4,1 миллион доллар;

7. Каролина Мухова – 2,8 миллион доллар;

8. Oнс Жабер – 2,7 миллион доллар;

9. Петра Квитова – 2,4 миллион доллар;

10. Мэдисон Киз – 2,3 миллион доллар.

Ерлер арасында бір жылда 10,5 миллион доллар тапқан Новак Джокович көш бастап тұр. Екінші орында Карлос Алькарас (9,6 млн доллар), үшінші сатыда Даниил Медведев (7,82 млн доллар).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2041312-elena-rybakina-bir-zylda-qansa-million-tabys-tapqan/

pixel