jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Әлемге әйгілі қақпашы ұлттық құраманың капитаны міндетінен босатылды

    Мануэль Нойер
    Мануэль Нойер. Фото: Stefan Brauer/DeFodi Images via Getty Images

    Германия құрамасының қақпашысы Мануэль Нойер 2024 жылы өз елінде өтетін Еуропа чемпионатында капитан міндетін атқармайды. Бұл туралы rsport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Нойердің капитандықтан айырылғанын құраманың бас бапкері Юлиан Нагельсман мәлімдеген.

    Айта кетелік, Нойер тоғыз айдан бері алғаш рет жалпы топтағы жаттығуға кіріскен болатын. Қазан айының соңында ол Германия чемпионаты аясында алаңға шықпақ.

    "Илкай Гюндоған команда капитаны ретінде қала береді. Біз бұл тақырыпты Мануэльмен талқыладық. Ол өзін нағыз кәсіби ойыншыға сай ұстады", - деді Нагельсман.

    Футболдан Еуропа чемпионаты 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында өтеді.

    Әлемге әйгілі қақпашы ұлттық құраманың капитаны міндетінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.