jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстандық теннисші ITF турнирінің финалына шықты

    Жібек Құламбаева
    Жібек Құламбаева кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Франциядағы Шербур ITF турнирінің финалына шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ теннис федерациясына сілтеме жасап.

    Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Жібек Құламбаева мен Польша өкілі Мартына Кубка франциялық Диана Мартынов пен ұлыбританиялық Матильда Мутавджичтен басым түсті - 6:7 (6:8), 6:1, 10:5.

    Қазақ-поляк жұбы енді соңғы бәсекеде франциялық Ясмин Мансури мен бельгиялық Лора Солденмен бас жүлдені сарапқа салады.

    Жартылай финалда олар бельгиялық Мари Тифани - франциялық Бенуа Леметрмен шеберлік байқасты. Бірінші партияда Мартына мен Жібек 6:2 есебімен ұтып кетті.

    Екінші сетте есеп 4:2 болған мезетте қарсыластары ойынды жалғастырудан бас тартты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.