jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Александр Бублик Бельгиядағы турнирдің чемпионы атанды

    Александр Бублик жарыста
    Александр Бублик жарыста. Фото: Қазақстан теннис федерациясы

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

    Жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркелген Бублик финалда дүниежүзілік рейтингте 38-орында тұрған 19 жастағы франциялық Артюр Фиспен кездесті.

    Бірінші партияда есеп 2:2 болған сәтте отандасымыз брейк жасап, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:4. Александр екінші сетте де 3:1 есебімен алға шығып, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4. Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды.

    Осылайша, Бублик мансабында жекелей сында үшінші рет АТР турнирінде жеңіске жетті. Өткен жылы Монпельеде үздік болса, биыл Галле (Германия) ATP 500 турнирінде топ жарды.

    Александр Бублик Бельгиядағы турнирдің чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.