Александр Бублик Бельгиядағы турнирдің чемпионы атанды
Опубликовано:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркелген Бублик финалда дүниежүзілік рейтингте 38-орында тұрған 19 жастағы франциялық Артюр Фиспен кездесті.
Бірінші партияда есеп 2:2 болған сәтте отандасымыз брейк жасап, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:4. Александр екінші сетте де 3:1 есебімен алға шығып, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4. Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды.
Осылайша, Бублик мансабында жекелей сында үшінші рет АТР турнирінде жеңіске жетті. Өткен жылы Монпельеде үздік болса, биыл Галле (Германия) ATP 500 турнирінде топ жарды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2042080-aleksandr-bublik-belgiyadagy-turnirdyn-cempiony-atandy/