Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбдусамат Аширов жауынгерлік өнер ойындарында үздік үштікке кірді

Опубликовано:

Әбдусамат Аширов марапаттау рәсімі кезінде
Әбдусамат Аширов марапаттау рәсімі кезінде. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Сауд Арабиясының астанасы Ар-Риядта өтіп жатқан дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында у-шу шеберлерінің бәсекесі аяқталды. Қазақстандық Әбдусамат Аширов жарыста үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ cпортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік жауынгерлік ойындарында ел намысын қорғаған жалғыз отандасымыз Әбдусамат Аширов 56 кг дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды. У-шудың санда бағдарламасында бақ сынаған отандасымыз жартылай финалда Филиппин спортшысынан 1-2 есебімен жеңілді.

"Бұл менің ересектер арасындағы екінші жарысым. Мұнда әр салмақтағы үздік бестікке кіретіндер ғана келді. Маған әлі де физикалық дайындық жетіспей жатыр. Қытайдағы Азия ойындарында да осы Филиппин спортшысынан жеңілгенмін. Кеткен қателіктерді түзеп, келесі жарыста бұдан жоғары орыннан көрінгім келеді",-деді Әбдусамат марапаттау рәсімінен кейінгі сұхбатында.

Әбдусамат бір ай бұрынғы Ханчжоудағы Азия ойындарында 5-орынға тұрақтады. Өткен жылы Индонезия астанасында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Ал дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарына әлем рейтингінің нәтижесінде жолдама алған. Жеке бапкері - Мухидин Маюфи.

Айта кетейік, Ар-Риядқа у-шудың таолу және санда бағдарламасын қосқанда барлығы 56 мемлекеттен спортшы жиналды. Сауд Арабиясы астанасындағы кешенді жарыс 31 қазанда мәресіне жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2042156-abdusamat-asirov-zauyngerlik-oner-oiyndarynda-uzdik-ustikke-kirdi/

pixel