jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Азиа пара ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды

    Спортшылар елге оралуда
    Спортшылар елге оралуда. Видеодан кадр: Туризм және спорт министрлігі

    Астана қаласында IV Азия пара ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қарсы алу рәсімі өтті. Ел намысын қорғаған спортшыларды ерекше құрметпен қарсы алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

    Пара дзюдо спорт түрі бойынша сынға түскен елордалық спортшылардың арасында 2 алтын, 1 күміс, бір қола жүлдегер бар. Ақмарал Науатбек пен Ерғали Шамей Азия пара ойындарының жеңімпазы атанса, Асылан Нұрдәулетов күміс жұүлдеге ие болды. Ал Бауыржан Арыстанбеков қола медальді еншіледі.

    Жалпы пара дзюдодан ұлттық құрама командасы Азия пара ойындарында жеңіс қоржынына 3 алтын, 4 күміс және 7 қола еншілеп, медальдік есепте 2-орынға орнықты. Бірінші орында 5 алтын, 2 қола және 4 күміс медальмен Қытай елі тұрса, үшінші орынға 2 алтын 1 күміс 3 қола медальмен Иран елі тұрақтады.

    Азиа пара ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.