Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Медиа саласының мамандары жасанды интеллектінің отандық журналистикадағы әлеуетін талқыға салды

Опубликовано:

"Sports&Media deТalks" практикумы
Фото: Parimatch Kazakhstan

Қазанның соңғы күнінде медиа саласының сарапшылары, мамандары мен студенттер жасанды интеллектінің отандық журналистикадағы әлеуетін талқыға салды. Atameken Business Рracticum және Parimatch Kazakhstan кезекті Sports&Media de Тalks білім беру практикумы қалай өткенін толығырақ айта кетейік.

31 қазанда Алматыда Sports&Media de Talks-тың бесінші және ең инновациялық медиа практикумы өтті. Жобаны көптеген қонақ жиналған айтулы іс шара деп айтуға болады. SmartPoint залында қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері, тіс қаққан журналистері мен PR-мамандары бас қосты. Іс-шараның басты тақырыбы – жасанды интеллект. Қатысушылар ЖИ саласындағы жетекші мамандардың бөліскен білімін қабылдап қана қоймай, оқыту шеберлік сыныптарында практикалық дағдыларды алды.

Практикумды ITCOMMS коммуникациялық агенттігінің негізін қалаушы, PR және технология маркетингінде көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпқой Александр Лихтман ашты. Ол сөзін батыл мәлімдемеден бастады:

"Жасанды интеллект сізді жұмыссыз қалдырмайды. Былайша айтқанда, бүгін не ертең болатын жағдай емес. Әзірге ЖИ сіздің әмбебап хатшыңыз, көмекшіңіз бен кеңесшіңіз бола алады. Сізге тек өз жұмысын тезірек және тиімдірек ету үшін ЖИ және басқа да жаңа технологияларды қолданатын адамдар қауіп төндіруі мүмкін".

"Sports&Media deТalks" практикумы
Фото: Parimatch Kazakhstan

Әрбір технологиялық серпіліс өз жұмысынан айырылып, күнкөріс құралдарынсыз қалудан қорқатын жұмысшылардың наразылықтарымен бірге жүреді. Лихтман Англиядағы өнеркәсіптік революция кезеңіндегі "луддиттердің" көтерілісін мысал ретінде келтірді. Нед Луддтың ізбасарлары (олардың шынайы өмірде болуы әлі де күмән туғызады) автоматтандыруға қарсы екендіктерін зауыттарға шабуыл жасап, жаңа жабдықты талқандап, наразылықтарын білдірді.

Жасанды интеллект те осыған ұқсас журналистер, копирайтерлер, аудармашылар және басқа да шығармашылық мамандықтар арасында толқулар тудыруда.

Қазіргі тенденцияларға бейімделу маңызды, дейді Лихтман. Әсіресе, жасанды интеллект көпшілікке қол жетімді, оны кез келген адам шабыт алуы үшін немесе күнделікті жұмысы барысында қолдана алады. Александр өзінің шеберлік сыныбында әртүрлі бағдарламаларға арналған графикалық, дауыстық, аударма және мәтіндік өндірістердің үлгілерімен бөлісті.

Жасанды интеллект қалай құрылғаны және ChatGPT қалай жұмыс істейтіні туралы тәжірибелі әзірлеуші және генеративті платформаларды бизнес процестерге интеграциялау жөніндегі сарапшы Азамат Ғалымжанов толығырақ айтып берді:

"Тірі нейронның мінез-құлқын жасанды түрде имитациялау идеясы алғашқы компьютерлерден бұрын пайда болған. 1950 жылы Алан Тьюринг "Машиналар ойлана ала ма?" атты ғылыми жұмысын жариялаған болатын. 90-шы жылдарға дейін жасанды интеллект жасау әрекеттері өңдеу қуатының жеткіліксіздігіне байланысты нәтиже бермеді, бірақ аталған сала ғалымдардың қызығушылығын азайтқан жоқ. ChatGPT-дің алғашқы нұсқалары қарапайым мақсаттарға жауап бергендіктен, көпшілікке жария етілмеді. Алайда, ChatGPT 3 нұсқасы сенсация жасады, бұл баршаға қол жетімді алғашқы жасанды интеллект болды".

"Sports&Media deТalks" практикумы
Фото: Parimatch Kazakhstan

Ойлау қабілеті бар машиналары туралы сұрақ тағы да өзекті болып отыр, бұл мәселеден басқа да көптеген сұрақ туындайды: олар өздігімен жұмыс істей ала ма? Компьютер мен адамның жұмысын қалай ажыратуға болады? Оны моральдық тұрғыдан кәсіби салада қолдану дұрыс па? Әсіресе өзіңіздің сүйікті фобияңыздағы сұрақты да осыған қоссаңыз болады – бұл машиналардың адамдарға қарсы көтерілуіне әкеледі ме?

Sports & Media de Talks-тегі пікірталас көрсеткендей, журналистер мен медиа саласының мамандары ChatGPT-ді белсенді түрде зерттеп жатқандары анықталды, бірақ ЖИ қолдану бойынша оқыту курстары әлі де кең таралмаған. Parimatch Kazakhstan және Atameken Business Practicum практикумының арқасында қатысушылар жаңа дағдыларға ие болып, мәтіндік бағдарламалардан басқа қандай бағдарламаларды өз қызметінде қолданып көруге болатынын білді.

Sports & Media deTalks туралы көбірек біліп, іс-шараның толық жазбасын тамашалағыңыз келсе, келесі сілтеме бойынша өтіңіз.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2043800-media-salasynyn-mamandary-zasandy-intellektinin-otandyq-zurnalistikadagy-aleuetin-talqyga-saldy/

pixel