Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теннистен Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы жарыс жолын жеңіліспен бастады

Опубликовано:

Анна Данилина
Анна Данилина. Фото: Fran Santiago/Getty Images for ITF

Испанияда өтіп жатқан теннистен "Билли Джин Кинг" Әлем чемпионаты басталды. Қазақстандық Анна Данилина аустралиялық Сторм Хантерге есе жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Испанияның Севилья қаласында өтіп жатқан теннистен Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі ойындары басталды. Қазақстан ұлттық құрамасы Словения мен Аустралия құрамаларымен бір топқа түсті.

Жарыс жолының алғашқы матчында Анна Данилина қарсыласы Сторм Хантерге 6:7 (2:7), 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Келесі кездесу қазақстандық Юлия Путинцева мен аустралиялық Кимберли Бирелл арасында өтеді. Ал жұптық сында Анна Данилина мен Жібек Құламбаева Аустралия елінің теннисшілері Хантер мен Переске қарсы ойын өткізеді.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да ұлттық құрама сапында. Алайда Аустралияға қарсы матчтарға қатыса алмайды.

Еске салайық, Словения ұлттық құрамасы аустралиялықтарды 2:1 есебімен жеңген еді. Қазақстан ұлттық құрамасының келесі ойыны 10 қарашада словениялықтарға қарсы өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2045001-tennisten-alem-cempionaty-qazaqstan-quramasy-zarys-zolyn-zenilispen-bastady/

pixel