jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан құрамасы каратэден Азия чемпионатында жеңіске жетті

    Каратэден Қазақстан құрамасы
    Каратэден Қазақстан құрамасы. Фото: Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметі

    Туризм және спорт министрлігі Алматыда каратэден ересектер арасында өткен бірінші ашық Азия чемпионатының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабары бойынша, жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды. Қазақстан құрамасының қоржынында 8 алтын, 8 күміс және 14 қола медаль бар. Екінші орында — Иран (3 алтын), ал БАӘ үшінші орынды иеленді (2 алтын).

    "Отандық каратэшілерді 1-ші Азия ашық чемпионатындағы зор жетістігімен құттықтаймын. Бұған дейін жас спортшыларымыз үздік болған еді, бұл жолы ересектер арасындағы командамыз да озық болды. Осындай маңызды турнирлерде жүзден жүйрік топты жарып шығып отыруға тырысу керек. Осы жетістіктерінің арқасында өскелең ұрпаққа жақсы үлгі көрсеттіңдер", — деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

    Құрлықтық турнирге он елден 140-қа жуық спортшы қатысқан.

    Қазақстан құрамасы каратэден Азия чемпионатында жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.