Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Араларыңнан бір жігіт табылмағаны ма": Қуат Хамитов футболшыларға үндеу жолдады

Опубликовано:

Қуат Хамитов
Қуат Хамитов. Фото: instagram/kuat_khamitov

Ережесіз жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов қазақстандық футболшыларға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ережесіз жекпе-жектен әлемнің 3 дүркін чемпионы Қуат Хамитов өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында қазақстандық футболшыларға үндеу жолдады.

"Жігіттерге айтарым бар. Мен осы футбол тақырыбын 2016/17 жылдан бері көтеріп келе жатырмын. Сол кездерден бері араларыңнан бір ердің шықпағаны ма? Бүкіл футбол қауымдастығынан? Бәрің ауылдан шығарсыңдар, елде жағдай нашар екенін көріп жүрсіңдер ғой. Ауылдарда жол, медицина, аурухана, жедел жәрдем көлігі жоқ, не жұмыс жоқ. Жастар қандай іспен айналысарын білмейді", – деді Қуат Хамитов.

Қуат Хамитовтың айтуынша, футболшылар алып отырған жалақыларын ақтамайды және спорттағы жетістіктері де жоқ.

"Енді осы футболшылардың арасынан осы күнге дейін бір адам "жігіттер халықтың ақшасын алғанды тоқтатайық, 30 жылда футболға 1,5 миллиард ақша кетті. Көрсетіп жатқан нәтиже жоқ. Не бір жарыс ұтпадық. Әлемдік рейтингте 99-100-орында тұрмыз. Халықты тонағанды тоқтатып, демеушіні өзіміз тауып, шамамыз келгенше өзіміз нәтиже көрсетейік" дейтін бір жігіт шыға ма деп күтіп едім!", – деп пікірін айтты спортшы.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуде Словенияға 2:1 есебімен жеңіліп, жарыс жолын аяқтаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2047485-aralarynnan-bir-zigit-tabylmagany-ma-quat-xamitov-futbolsylarga-undeu-zoldady/

pixel