Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Олимпиада мен әлем чемпиондарынан көп алады": Қуат Хамитов футболшылар мен хоккейшілерді сынға алды

Опубликовано:

Қуат Хамитов
Қуат Хамитов. Фото: instagram/kuat_khamitov

Ережесіз жекпе-жектен әлемнің 3 дүркін чемпионы Қуат Хамитов "нәтиже көрсетпейтін" футболшылар мен хоккейшілердің Олимпиада мен әлем чемпиондарынан көп табыс табатынын сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қуат Хамитовтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Найман" лақап атымен танылған спортшы Қазақстанда футболшылар мен хоккейшілердің қанша айлық алатынын естіп жүрегі қатты ауырғанын айтты.

"Неге десеңіздер, күні кеше ғана әлем чемпионы болған тұңғыш қазақ, көк байрағымызды көтеріп, алтын медаль алып келген бауырымызға 15 мың доллар беріп, түк болмағандай шығарып салып жатырмыз. Әлем чемпионы болғаны үшін тарихи жеңіске берген сыйақыны болмайтын футбол, болмайтын хоккей клубтарда ойнайтын нәтижелері жоқ жігіттер ай сайын алып жатыр.

Осы мәселені қашан қолға аламыз. Неге елімізде Олимпиада, әлем чемпиондары, Азия чемпиондары нәтижелері жоқ жігіттерден аз ақша алуы керек? Бұл мәселені елімізде қолға алатын адам бар ма?" – деп пікірін айтты спортшы.

Қуат Хамитов Туризм және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті осы мәселені қолға алып, дұрыстайтын уақыты келгенін айтты.

"Бәріміз сыбайлас жемқорлықпен күрескіміз келеді, шағымданамыз. Көз алдымызда болып жатқан былықты орнына қойып, мәселені шешпей онымен қалай күресеміз?", – деді ережесіз жекпе-жек шебері.

Спортшы осыған дейін де футболшылар алып отырған жалақыларын ақтамайды және спорттағы жетістіктері де жоқ деп сынаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2048335-olimpiada-men-alem-cempiondarynan-kop-alady-quat-xamitov-futbolsylar-men-xokkeisterdi-synga-aldy/

pixel