jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық теннисшілер Аустралия чемпионатына қатысады

    Теннис добы
    Теннис добы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Қазақстан теннисінің жас жұлдыздары Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер арасында 2024 жылғы алғашқы "Үлкен дулыға" турнирі – Аустралия ашық чемпионатында ойнайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Даниал Рахматуллаев, Виталий Зацепин, Ілияс Маратұлы және Айя Нұпбай іріктеу сайыстарында бақ сынайды.

    Жасөспірімдер арасында Аустралия біріншілігі 20-27 қаңтар аралығында өтеді.

    Қарағанды теннис мектебінің түлегі, 16 жастағы Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингте 55-орында тұр. Ол ITF Juniors санатында өткен жарыстарда жекелей және жұптық сында бес рет жеңімпаз атанды.

    Алматы теннис мектебінің түлегі, 17 жастағы Асылжан Арыстанбекова рейтингте 68-сатыда. Ол ITF Juniors додаларында жекелей сында бір рет чемпион болды. Ал жұптық сында 13 титулға қол жеткізді.

    Қазақстандық теннисшілер Аустралия чемпионатына қатысады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.