jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстандық спортшы Әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды

    Жанбота Алдабергенова
    Жанбота Алдабергенова. Фото: kazsports.kz

    Қазақстан ұлттық құрама спортшысы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында өткен фристайл-акробатика мен могулдан Әлем кубогінің алғашқы кезеңінде үздік үштікті түйіндеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Әлем кубогінің алғашқы кезеңінде фристайлдың акробатика түрінде өнер көрсеткен Жанбота финалда 77.43 балл жинап, қола жүлдегер атанды. Қазақстандық спортшы тура бір жыл бұрын Рукада өткен 2022-2023 жылғы маусымдағы Әлем Кубогінің алғашқы кезеңінде де қола алған болатын. Ол кезде Алдабергенова 80.04 ұпай жинады. Ал 2021 жылы дәл осы сында күміс жүлдеге ие болды. Жалпы Рука қаласы биыл FIS-тің фристайл маусымын қатарынан 14-рет бастап берді.

    Алтынды Бейжің Олимпиадасының (аралас командалық сын) қола жүлдегері канадалық Марион Тено жеңіп алса, күмісті Даниэль Скот еншіледі. Аустралиялық осыған дейін әлем чемпионатында 2 мәрте күміске ие болғанын айта кетейік.

    Еске салайық, Жанбота Алдабергенова 2022-2023 жылғы маусымда Әлем чемпионатын алтыншы орынмен аяқтады.

    Қазақстандық спортшы Әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.