Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дулат Тәстекей боксшы Жәнібек Әлімханұлына автокөлік сыйлады

Опубликовано:

Дулат Тәстекей мен Жәнібек Әлімханұлы
Дулат Тәстекей мен Жәнібек Әлімханұлы. Скриншот: instagram/janibek_alimkhanuly

Бүгін Алматыда Жанқош Тұраров (27-0 20 КО) пен жапон спортшысы Акихиро Кондо (37-11) бастаған бокс кеші өтуде. Кеш барысында кәсіпкер Дулат Тәстекей боксшы Жәнібек Әлімханұлына автокөлік сыйлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Жақында ғана әлемдік аренада еліміздің атын шығарған даңқты спортшы Жәнібек бауырыма ағалығымды көрсетіп, автокөлік сыйлаудың сәті бүгін түсіпті", – деді Дулат Тәстекей.

Алайда, Жәнібек Әлімханұлы өзіне тарту етілген көлікті ағасы әрі менеджері Берік Сұлтанға сыйлады.

"Біз "Qazaq style-ды" әлемдік тарихта қалдырамыз. Сол тарихты менімен бірге жазып жүрген – Берік Сұлтан. Өзімнің ағам және менеджерім. Осы кісі болмаса "Qazaq style" тарихы осылай жазылмас еді. Темір тұлпар сіздікі!", – Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, бүгінгі кеште қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (27-0 20 КО) пен Акихиро Кондо (37-11-2 21 КО) арасындағы жұдырықтасу 12 раундқа созылды. Жанқош қарсыласын төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, жартылай орта салмақтағы IBO World және WBA Gold белбеулерін жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2050128-dulat-tastekei-bokssy-zanibek-alimxanulyna-avtokolik-syilady/

pixel