Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов шаңырақ көтерді (видео)

Опубликовано:

Баходир Жалолов
Баходир Жалолов. Фото: instagram/jalolovteam

2020 жылғы Токио Олимпиадасының чемпионы, бокстан әлем біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы Баходир Жалолов шаңырақ көтерді.Өзбекстандық спортшының тойына Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері де қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

29 жастағы өзбек боксшысы 2020 жылы Токиода өткен Олимпиаданың алтын жүлдесін жеңіп алған еді. Әуесқой бокстың 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеген спортшы 2018 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. Сол кезден бері 14 жекпе-жек өткізіп, барлығын мерзімінен бұрын жеңді.

Баходир Жалоловтың үйлену тойына Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов және бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиев пен Сәкен Бибосынов қатысты. Айтжанов тілек айтып, Баходирдің спорттық мансабына сәттілік пен жеңіс тіледі.

Тойға жиналған қауым Өзбекстан бокс құрамасының бас бапкері Тулкин Кулчиев пен Мырзағали Айтжановты көтеріп, ілтипат көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2052129-olimpiada-cempiony-baxodir-zalolov-sanyraq-koterdi-video/

pixel