jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық файтер кәсіби мансабында бесінші рет жеңіліске ұшырады

    Мұратбек Қасымбай
    Мұратбек Қасымбай мен Александр Грозин. Фото: mma.metaratings.ru

    Қазақстандық жекпе-жек шебері Мұратбек Қасымбай (лақап аты – "Қазақ терминаторы") "Наше дело 81" турнирінде ресейлік файтер Александр Грозиннен жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports.kz cайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Кездесу аралас жекпе-жек ережесі бойынша өтіп, төрешілер шешімімен Грозин жеңіске жетті. Бұл – Грозиннің кәсіби мансабындағы 24-жеңісі.

    Грозин Ашық ФК лигасының чемпионы, "Наше дело" лигасының Гран-при чемпионы, сонымен қатар AMC Fight Nights титулына үміткер болған.

    Ал Мұратбек Қасымбай үшін бұл жекпе-жек – оның мансабындағы 5-жеңіліс. Биыл Мұратбек тағы екі жекпе-жек өткізді.

    Біріншісінде ол ресейлік Аловсет Мамиевті (1-2) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңсе, екінші жекпе-жекте тағы бір ресейлік спортшы Никита Солонинді (7-6) техникалық нокаутпен жеңді.

    Қазақстандық файтер кәсіби мансабында бесінші рет жеңіліске ұшырады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.