jitsu gif
Спорт

    Елена Рыбакина жаңа маусымдағы алғашқы матчында жеңіске жетті

    Теннисші Елена Рыбакина
    Теннисші Елена Рыбакина. Фото: Clive Brunskill/Getty Images

    Қазақстандық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылды жеңіспен бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде қарсыласынан басым түсті. Ол жергілікті теннисші Оливия Гадекиді 2:0 (6:4, 6:1) есебімен жеңді. Бір сағат 12 минутқа созылған кездесуде Рыбакина 4 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

    Енді қазақстандық теннисші турнирдің ширек финалына шығу үшін бельгиялық Элиза Мертенспен ойнайды. Ол америкалық Слоан Стивенсті 2:6, 6:1, 6:3 есебімен жеңген болатын.

    Айта кетейік, WTA 500 турнирінің жалпы жүлде қоры 1,7 млн АҚШ долларынан асады.

    Елена Рыбакина жаңа маусымдағы алғашқы матчында жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.