jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысының спорт басқармасы Сәкен Бибосыновқа берілген пәтерге қатысты пікір білдірді

    Сәкен Бибосынов Азия ойындарында
    Сәкен Бибосынов Азия ойындарында Фото: olympic.kz/Нұрғали Жұмағазы

    Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы боксшы Сәкен Бибосыновқа Олимпиададаға жүлдесі үшін табысталған пәтер жалға берілгенін растады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бокстан әлем чемпионы, Токио олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Түркістан облысының бұрынғы әкімі табыстаған 2 бөлмелі пәтерді өз атына рәсімдей алмай жүргенін айтқан еді. Өйткені ол баспана тек жалдау құқығымен рәсімделген.

    Facebook әлеуметтік желісінде Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы жергілікті блогер Олжас Мамырдың жазбасына пікір қалдырды.

    "Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары! Дұрыс жағынан түсініңіздер. Бұл пәтер арендалық негізде берілген. Алайда демеушілер тарапынан мәселені шешу үшін жұмыстар жүріп жатыр. Пәтер Сәкен Бибосыновтың меншігіне беріледі", – деп жазды басқарма өкілдері.

    Түркістан спорт басқармасының пікірі
    Түркістан спорт басқармасының пікірі. Скриншот: facebook.com/profile.id=100024602572194

    Түркістан облысының спорт басқармасы Сәкен Бибосыновқа берілген пәтерге қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.