Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны Австралияда өткен беделді жарыстағы жеңісімен құттықтады. Бұл жайлы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты теннисші, Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакинаны Австралияда өткен беделді жарыстағы сенімді жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді", - деп жазды Берік Уәли.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінде жеңіске жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2054266-qasym-zomart-toqaev-rybakinany-zenisimen-quttyqtady/