jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасын ұтып, WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина
    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина. Фото: instagram.com/ktf.kz

    Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінде жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Финалда Елена Рыбакина әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен кездесті. Алғашқы сетте қазақстандық теннисші қарсыласын 0:6 есебімен қапыда қалдырды.

    Ал екінші cетте Рыбакина 3:6 есебімен Соболенкодан тағы да басым түсті.

    Еске салайық, Рыбакина WTA 500 турниріндегі алғашқы ойынында аустралиялық теннисші Оливия Гадекиді 2:0 (6:4, 6:1) есебімен жеңген еді.

    Кейін турнирдің 1/8 финалында қазақстандық теннисші әлемнің 30-ракеткасы, бельгиялық Элизе Мертенспен ойнады. Бірінші партияда Рыбакина қос брейк жасап, 6:1 есебімен басым түссе, екінші партияда қарсыласын 6:0 есебімен ұтты.

    Елена Рыбакина ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 28-орында тұрған ресейлік Анастасия Потаповамен ойнап, алғашқы сетте 6:1 есебімен жеңді. Ал Потапова жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты.

    Жарыстың жартылай финалында қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингте 40-орында тұрған 19 жастағы чехиялық Линда Носковамен ойнады. Бірінші сетте Рыбакина 6:3 есебімен алға шықса, екінші сетті 6:2 есебімен түйіндеді. Осылайша турнирдің финалына шыққан болатын.

    Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасын ұтып, WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.