Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үшінші орынға жоғарылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
WTA рейтингінде польшалық Ига Швентек (9880 ұпай) көш бастап тұр. Екінші орынға Белорусь өкілі Арина Соболенко (8905) жайғасқан. Ал қазақстандық теннисші Елена Рыбакина төртінші орыннан үшінші орынға көтерілді (6811 ұпай).
Рыбакинаның рейтингте жоғарылауына Брисбен (Аустралия) WTA 500 турниріндегі жеңісі себеп болды. Жарыстың финалында қазақстандық теннисші әлемнің 2-ракеткасы Арина Соболенкомен кездесіп, 2:0 (0:6, 3:6) есебімен жеңген болатын. Осыдан кейін Елена Рыбакина 500 ұпай еншіледі.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны Аустралияда өткен беделді жарыстағы жеңісімен құттықтағанын жазғанбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2054323-elena-rybakina-alemnin-usinsi-raketkasy-atandy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.