jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық теннисші Александр Бублик әлемдік рейтингте жоғарылады

    Теннисші Александр Бублик
    Теннисші Александр Бублик. Фото: instagram.com/bublik

    Қазақстанның ерлер арасында бірінші ракеткасы Александр Бублик Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингінде бір сатыға көтерілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ATP ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Аталған рейтингте Александр Бублик 32-орыннан 31-орынға жоғарылаған. Осылайша ол үздік 30 теннисшінің қатарына енуге жақындады.

    Сербиялық теннисші Новак Джокович рейтингтегі бірінші орынын сақтап қалған. Екінші орынға испаниялық Карлос Алькарас жайғасса, үздік үштікті ресейлік Даниил Медведеев түйіндеп тұр.

    Қазақстандық теннисшілерден Денис Евсеев те рейтингтегі орнын жақсартты. Ол 190-орыннан 184-орынға көтерілді. Сөйтіп Денис отандасы Бейбіт Жұқаевты (188-орын) басып озып, Қазақстанның екінші ракеткасы атанды. Тимофей Скатов 6 сатыға төмендеп, 228-орынға табан тіреді. Ал Михаил Кукушкин екі сатыға жоғарылап, 262-орынды иемденді.

    Жұптық рейтингте Александр Недовесов 46-орынға, Андрей Голубев 62-орынға түсіп қалды.

    Қазақстандық теннисші Александр Бублик әлемдік рейтингте жоғарылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.