Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакинаның Australian Open турниріндегі алғашқы қарсыласы анықталды

Опубликовано:

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина. Фото: instagram.com/adelaideinternational

14-28 қаңтарда теннистен әйелдер арасында өтетін Australian Open турнирінің жеребесі тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Елена Рыбакина жылдың алғашқы "Үлкен дулыға" турнирінде үшінші ракетка болып тіркелді.

Жеребеге сәйкес Елена алғашқы айналымда әлемнің 37-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковамен кездеседі. Оны жеңсе, испаниялық Кристина Бучамен немесе ресейлік Анна Блинковамен сынға түседі.

Ал Қазақстанның екінші, әлемнің 64-ракеткасы Юлия Путинцева іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірімен ойнайды.

Бұған дейін Елена Рыбина Аделаиде (Аустралия) турниріндегі алғашқы ойынында жеңіске жеткенін жазғанбыз. Ол дүниежүзілік рейтингте 61-орында тұрған испаниялық теннисші Кристина Бучамен кездесіп, 6:3, 7:5 есебімен қарсыласынан басым түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2054946-elena-rybakinanyn-australian-open-turnirindegi-algasqy-qarsylasy-anyqtaldy/

pixel