Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада чемпионы Қазақстан футболының мұражайына құнды жәдігерлерді сыйға тартты

Жарияланған күні:

1988 жылғы КСРО құрамасы
1988 жылғы КСРО құрамасының суреті. Фото: instagram.com/kff_resmi

1988 жылғы Олимпиада чемпионы Евгений Яровенко Қазақстан футбол мұражайына құнды жәдігерлерді тапсырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Футбол мұражайының коллекциясын КСРО құрамасының 1988 жылғы үлгідегі ойын жейдесі, Олимпиада ойындарына қатысушының медалі және Оңтүстік Кореядағы ойындардан естелік фотосуреттер толықтырды.

Евгений Викторович мұражайға эксклюзивті экспонаттарды тапсырып, аталмыш жәдігерлердің маңыздылығын айтып берді.

Евгений Викторович Қазақстан футбол федерациясының өкілдерімен
Евгений Викторович Қазақстан футбол федерациясының өкілдерімен. Фото: instagram.com/kff_resmi

"Бұл 37 жыл бұрынғы жейде. Оны біздің жас ұрпақ тарихты білуі үшін музейге тапсыруды жөн көрдім. Сонымен қоса, 1988 жылы 1 қазанда Сеулде бразилиялықтарға қарсы өткен финалдың суреттері де табысталды.

Мұражай жыл сайын жаңа жәдігерлермен толығып отыруы керек. "Қайрат" пен ұлттық құрама жұлдыздарының да мұражайға берері көп деп ойлаймын", – деді Олимпиада чемпионы.

Еске салайық, Қазақстан футбол мұражайы 2023 жылы қазақ футболының 110 жылдығына орай ашылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2056149-olimpiada-cempiony-qazaqstan-futbolynyn-murazaiyna-qundy-zadigerlerdi-syiga-tartty/