jitsu gif
Спорт

    Australian Open: Елена Рыбакина ресейлік қарсыласынан жеңіліп қалды

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Kelly Defina/Getty Images

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open турниріндегі кезекті ойынында жеңіліске ұшырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымында Елена Рыбакина әлемнің 57-ракеткасы, Ресей өкілі Анна Блинковамен шеберлік байқасты. Алғашқы сетте қазақстандық теннисші қарсыласына есе жіберді (4:6). Екінші партияда Елена алға шығып, 6:4 есебімен басым түсті. Үшінші сетте есеп 6:6 болғанымен, тай-брейкте Анна Блинкова жеңіске жетті (20-22).

    Енді Анна Блинкова келесі ойынын италиялық теннисші Жасмин Паолиниге қарсы өткізеді.

    Еске салайық, Елена Рыбакина Australian Open турнирін жеңіспен бастаған еді. Ол бірінші айналымда чехиялық теннисші, әлемнің 38-ракеткасы Каролина Плишковадан басым түсті (7:6, 6:4).

    Australian Open: Елена Рыбакина ресейлік қарсыласынан жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.