jitsu gif
Спорт

    Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы халықаралық турнирде алтын медаль иеленді

    Кирилл Герасименко
    Кирилл Герасименко. Фото: ttfrk.kz/kz

    АҚШ-та өткен "WTT Feeder Corpus Christi 2024" халықаралық үстел теннисі турнирінде Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан үстел теннисі федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Кирилл Герасименко турнирдегі 5 қарсыласына да есе жібермей, алтын медаль жеңіп алды. Ол АҚШ өкілі Кай Чжанды 3:1, оның отандасы Сянцзин Чжанды 3:0, үндістандық спортшы Хармит Десайды 3:1, германиялық теннисші Штеффен Менгелді 3:1, Португалиядан келген Жоао Монтейрды 3:2 есебімен ұтты.

    "Құттықтағандарыңыз үшін рахмет! Мен жарысқа үш күн қалғанда АҚШ-қа ұшып барып, тез бейімделіп кеттім. Париж Олимпиадасының "WTT Champions" турниріне қатысу үшін осы жарыста бірінші орын алып, рейтингтік ұпай жинауды мақсат еттім. Осында сенімді ойнадым, күшті қарсыластарды жеңдім және қазір Кореядағы командалық әлем чемпионатына дайындалып жатырмын" — деді Кирилл Герасименко.

    Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы халықаралық турнирде алтын медаль иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.