Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық шорт-трекші Полина Омельчук қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Шорт-трекші Полина Омельчук 1000 метр қашықтыққа жүгіруден бақ сынап, мәре сызығын үшінші болып кесті. Оның уақыт көрсеткіші – 1:41.600.
Осы бәсекеде бірінші орынды Цзинцзы Ли мен оның отандасы Цзиньчжу Ян жеңіп алды.
Қазір Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 қола жүлде бар. Осыған дейін шаңғымен тұғырдан секіру сайысында қазақстандық спортшы Илья Мизерных алтын медаль иеленген еді.
Айта кетейік, Канвон-2024 Олимпиадаcы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді. Осы уақыт ішінде әлемнің 78 мемлекетінен 1802 спортшы жүлдеге таласады. Дүбірлі додада елімізден 41 атлет 5 спорт түрінен 9 дисциплинада бақ сынайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2056604-kanvon-2024-qazaqstandyq-sort-treksi-qola-zulde-ielendi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.