Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасы IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алғашқы алтынға қол жеткізді

Жарияланған күні:

Илья Мизерных
Илья Мизерных. Фото: olympic.kz

Қазақстан ұлттық құрамасы Канвондо қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алғашқы алтынға қол жеткізді. Шаңғымен тұғырдан секіруден Илья Мизерных топ жарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Шаңғымен тұғырдан секіру сайысында 38 қарсыласпен сынға түскен қазақстандық спортшы Илья Мизерных чемпион атанды (214 ұпай). Екінші орынды австриялық спортшы Ники Хаммл (210,7 ұпай) алса, польшалық спортшы Лукас Лукащук (209,7 ұпай) үшінші орынға жайғасты.

Ал қазақстандық хоккейшілер олимпиаданы ірі жеңіспен бастады. 3×3 хоккейден топтық кезеңнің алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Польшаны 18:8 есебімен шаң қаптырды. Қазақстандық команда ертең Аустриямен мұз айдында күш сынасады.

Ал шорт-тректен Полина Омельчук финалда өнер көрсетеді. 16 жасар қазақстандық спортшы жартылай финалда 1 жарым шақырымды 2 минут 26.749 секунд уақытта бағындырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2056538-qazaqstan-quramasy-iv-qysqy-zasospirimder-olimpiadasynda-algasqy-altynga-qol-zetkizdi/