Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиадада алтын медаль еншілеген қазақстандық спортшы Илья Мизерныхқа берілетін ақшалай сыйақының көлемі белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 24KZ телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
16 жастағы Илья Мизерных Канвон-2024 жасөспірімдер Олимпиадасында шаңғымен тұғырдан секіру сайысында топ жарып, Қазақстан қоржынына алтын жүлде салған еді.
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, Ильяға Үкімет қаулысына сәйкес сыйақы төленеді.
"Оның барлық қарсыластарынан озық шыққанын көрген боларсыздар. 50-ге жуық елден келген спортшылар арасында ең үздік нәтиже көрсетті. Үкімет қаулысына сәйкес, Ильяға 10 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі. Тағы да атап өткім келеді, бұл біз үшін ерекше медаль", — деді министр.
Бес жасынан шаңғы спортымен айналысатын Илья жеңісін Қазақстанға арнады.
"Мен тек тапсырмамды орындап, өз жұмысымды істедім. Біз әлем чемпионатына дайындалдық. Мен одан басқа ештеңе ойламадым. Алғаш Кореяға келгенде үрей болды, бірақ бапкерімнің ақыл-кеңесі арқасында бойымды тез жинап алдым", — деді Олимпиада чемпионы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2056720-qysqy-olimpiada-oiyndarynda-altyn-medal-ielengen-sportsy-qansa-syiaqy-alatyny-anyqtaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.