Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сыйлық берген": Хабиб Нурмагомедов футболшы Эрлинг Холандпен кездесті

Опубликовано:

Хабиб Нұрмагомедов пен Эрлинг Холанд
Хабиб Нұрмагомедов пен Эрлинг Холанд. Фото: instagram.com/erling.haaland

"Манчестер Сити" футбол клубының ойыншысы Эрлинг Холанд пен UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Абу-Даби қаласында кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Эрлинг Холандтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Эрлинг Холанд Instagram желісіндегі парақшасына Хабиб Нурмагомедовпен түскен суретін жариялады.

"Абу-Дабиде аңыз адаммен көріскеніме қуаныштымын!", – деп жазды футболшы.

Кездесу барысында Эрлинг Холандқа блогер, UFC амбассадоры Хасбулла Магомедов (Хасбик) беріп жіберген сыйлық табысталды.

"Рақмет, Хасбула! Бар жақсылықты тілеймін!" — деп алғыс білдірді Эрлинг Холанд.

Cондай-ақ Хабиб Нурмагомедов, Эрлинг Холанд және "Манчестер Сити" ойыншылары Эдерсон мен Родригес кішігірім ойынға қатысты. Ойынның шарты бойынша олар сұраққа араб тілінде жауап беруі керек. Хабиб басқалардың сөзін түзеп, арабша жақсы білетінін көрсетті.

Айта кетейік, қазір "Манчестер Сити" футбол клубы Абу-Дабиде жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Эрлинг Холанд англиялық клубқа 2022 жылы қосылған. Ол ағымдағы аусымда 22 матч өткізіп, 19 голмен және 5 нәтижелі паспен көзге түсті. Transfermarkt порталы Холандтың трансферлік құнын 180 миллион еуроға бағалайды.

35 жастағы Хабиб Нурмагомедов — жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы. Ол соңғы жекпе-жегін 2020 жылы Абу-Дабидегі UFC 254 турнирінде Джастин Гэтжиге қарсы өткізді. Осы кездесуде Хабиб қарсыласын екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді. Хабиб кәсіби мансабында 29 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2057236-syilyq-bergen-xabib-nurmagomedov-futbolsy-erling-xolandpen-kezdesti/

pixel