Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандылық теннисші Қатарда өткен турнирде бірінші орын алды

Опубликовано:

Жанерке Қошқымбаева
Жанерке Қошқымбаева. Фото: ttfrk.kz

Үстел теннисінен Доха қаласында (Қатар) өткен WTT Youth Contender турнирінде қарағандылық теннисші Жанерке Қошқымбаева бірінші орын иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан үстел теннисі федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жанерке 19 жасқа дейінгі ойыншылар арасында топ жарды. Ол Мәриям Аллали (Бахрейн), Фаузия Мелки (Қатар), Мария Микалауските (Литва), Ур Фавад (Пәкістан), Амрут Пхадке (Бахрейн) сынды қарсыластарын ұтып, бірінші орынға ие болды.

11 қаңтарда Жанерке үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында командалық есепте алтын медаль алған еді. Ал 15 қаңтарда әйелдер арасындағы жұптық разрядта үздік шықты.

Үстел теннисі федерациясының мәліметінше, "WTT Youth Contender Doha 2024" жарысы 22-25 қаңтар аралығында өткен. Турнирге 11, 13, 15, 17 және 19 жас санаттарында Аустрия, Бахрейн, Германия, Иран, Үндістан, Йемен, Қазақстан, Корея, Литва, БАӘ, Пәкістан, Пуэрто-Рико, Сауд Арабиясы, Сирия, Тунис, Уганда, Филиппин, Швеция спортшылары қатысқан. Қазақстан атынан қарағандылықтар Жанерке Қошқымбаева, Әмір Торғайбеков, Асылхан Мағзұмбеков бақ сынады.

Еске салайық, АҚШ-та өткен "WTT Feeder Corpus Christi 2024" халықаралық үстел теннисі турнирінде Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко алтын медаль жеңіп алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2057683-qaragandylyq-tennissi-qatarda-otken-turnirde-birinsi-oryn-aldy/

pixel