jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    ATP рейтингі: Қазақстандық теннисшілердің орны белгілі болды

    Теннисші Александр Бублик
    Теннисші Александр Бублик. Фото: instagram.com/bublik

    АТР жаңартылған рейтингіндегі қазақстандық теннисші Александр Бубликтің орны өзгерген жоқ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Кәсіпқой теннисшілер ассоциациясының (ATP) ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бублик "Үлкен дулыға" турнирінің бірінші айналымында үндістандық спортшы Сумит Нагалдан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалған еді. Ал үндістандық теннисші Australian Open турнирінде көрсеткен нәтижелерінен соң ATP рейтингінде екінші орынға көтерілді.

    Десе де бұл жеңіліс қазақстандық спортшының рейтингіне әсер еткен жоқ. Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы ATP рейтингіндегі 27-орында қалды.

    Қазір Қазақстан атынан өнер көрсететін бұрынғы ресейлік спортшы Александр Шевченко 11 орынға төмендеп, тізімдегі 59-жолға табан тіреді.

    Ал қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев 176-орынға көтерілсе, Бейбіт Жұқаев 189-орынға тоқтады.

    Айта кетейік, әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович өз орнын жоғалтпады. Ал Australian Open турнирінің чемпионы италиялық спортшы Янник Синнер 4-орында қалды.

    ATP рейтингі: Қазақстандық теннисшілердің орны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.