jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева төрт жылға жарыстардан шеттетілді

    Камила Валиева
    Камила Валиева. Фото: Ulrik Pedersen/NurPhoto via Getty Images

    Спорттық арбитраждық сот (CAS) Камила Валиеваның допинг сынамасының оң нәтижесіне қатысты шешім шығарды. Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы төрт жылға дисквалификацияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Спортшыны жарыстардан шеттету мерзімі 2021 жылғы 25 желтоқсанынан бастап есептеледі. Сол күні мәнерлеп сырғанаудан Ресей чемпионаты кезінде ол допинг сынамасын тапсырып, кейін оның құрамында тыйым салынған триметазидин заты бары анықталды. Валиеваның барлық атағы мен жетістігі көрсетілген күннен бастап жойылды. Осылайша Ресей мен Еуропа чемпионы болу ресми түрде тоқтатылды.

    Сот барысында Валиева допинг сынамасында тыйым салынған заттың барын жоққа шығармады. Соттың айтуынша, ресейлік тарап спортшының әрекетінде допинг қолдану ниетінің жоқтығына жеткілікті дәлел келтірмеген.

    CAS мұндай жағдайларда мәнерлеп сырғанаушыға ересек спортшы ретінде қарау керек деп санады. Бұған дейін Валиева бұл іске жасына байланысты "қорғалатын тұлға" ретінде қаралып келген. Оң сынақ кезінде ол 15 жаста болған еді.

    Валиевадан допинг табылғаны 2022 жылы 8 ақпанда Бейжің Олимпиадасы кезінде – мәнерлеп сырғанаушы Ресей құрамасы құрамында чемпион атанған командалық турнирдің ертеңіне белгілі болды.

    Соңғы шешімде сот Валиеваның жеке олимпиадалық турнирге жіберілуінің салдары қарастырмағанын бөлек атап өтті. Оның нәтижелері туралы, сондай-ақ ресейлік мәнерлеп сырғанаушыларының командалық жарыстардағы алтын медальдары туралы шешімді "тиісті спорт ұйымдары" қабылдайды.

    Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева төрт жылға жарыстардан шеттетілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.