Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүлде қоры 12 млн доллар": қазақстандық тұлпар Қабирхан тағы бір бәйгеге қатысады

Опубликовано:

Қазақстандық сәйгүлік Кабирхан
Қазақстандық сәйгүлік Қабирхан. Фото: facebook.com/redstablesdubai

Қазақстандық сәйгүлік Қабирхан наурызда тағы бір бәйгеде бақ сынайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ НТК телеарнасының Youtube желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды

Сәйгүліктің иесі Тілек Мұханбетқалиевтің сөзінше, Қабирхан 30 наурызда Dubai Wold Cup жарысына қатыспақ. Бұл бәйгенің жүлде қоры – 12 миллион доллар.

Қабирхан 26 қаңтарда Дубайда өткен Al Maktoum Challenge турниріндегі жеңісі үшін 1 миллион долларға ие болған еді. Сәйгүліктің иесі Тілек Мұханбетқалиев бұл қаржыны қайда жұмсайтынын айтты.

"Ол ақша әлі түскен жоқ. Түссе, ат спортына жұмсалады", – деді Тілек Мұханбетқалиев НТК телеарнасына берген сұхбатында.

Қабирхан – АҚШ-та туған таза ағылшын тұқымды жылқы. Оны 1,5 жасында батыс қазақстандық атбегі Тілек Мұханбетқалиев сатып алған. Алғашында Қабирхан алматылық ипподромда бапталып, небәрі 2 жасынан бастап Қазақстанның 9 бәйгесінде топ жарған. Ал 3 жасында тәжірибелі бапкер Дуг Ватсонның қарамағына Ресейге жіберілген. Сосын сәйгүлік Дубайға аттанды.

Еске салайық, Қабирхан Дубайдағы Al Maktoum Challenge (1-топ) Presented by Longines бәйгесінде мәреге бірінші болып жеткен еді. Жарысқа 12 тұлпар қатысты. Олар 1900 метр қашықтықта сынға түсті. Шабандоз Патрик Доббс мінген қазақстандық сәйгүлік Кабирхан 1 минут 57 секундта мәре сызығын бірінші болып кесті. Сөйтіп Мими Какуши, Атлетико Эль Кулано, Клэптон, Фёрст Конститьюшен, Милитари Ло сияқты әйгілі тұлпарларды артта қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2058886-zulde-qory-12-mln-dollar-qazaqstandyq-tulpar-qabirxan-tagy-bir-baigege-qatysady/

pixel