Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Александр Бублик және Назым Қызайбай: қазақстандық спортшылар өткен аптада қандай жеңістерге жетті

Опубликовано:

Эдуард Ким мен Наргиза Болатова
Эдуард Ким мен Наргиза Болатова. Фото: kazsports.kz

Қазақстандық спортшылары өткен аптада бірнеше халықаралық жарыста жүлдеге ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Cу спорты түрлерінен Қазақстан қоржынына тарихи алтын медаль түсті

Катар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әртістік жүзуден бақ сынады. Олар ең үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстанның су спорты түрлерінен әлем чемпионатындағы алғашқы алтынын жеңіп алды.

Конькимен жүгіруден әлем кубогында қазақстандықтар үздік шықты

Хатинохеде (Жапония) өткен конькимен жүгіруден жастар арасындағы әлем кубогінің кезеңінде 1000 метрге жарыста нео-сеньор санатында Маргарита Артемьева күміс жүлдегер атанса, Мария Кузнецова қола медальға ие болды. Қыздар арасындағы командалық нео-сеньорлар жарысында ұлттық құрама спортшылары топ жарса, жасөспірім қыздар санатындағы ұлттық құрама күміс жүлде олжалады. Ал жасөспірім ұлдар және нео-сеньор бәсекесінде қазақстандықтар қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ Канаданың Квебек қаласында ересектер арасындағы Әлем кубогінің кезекті кезеңінде жерлестеріміз алғаш рет командалық спринтте қола жүлде жеңіп алды. Бұл бәсекеде ел намысын Екатерина Аидова, Инесса Шумекова және Алина Дауранова қорғаған еді.

Теннистен Франциядағы турнирде Александр Бублик топ жарды

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Монпельеде (Франция) өткен ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда әлемдік рейтингте 37-орында тұрған хорватиялық Борна Чоричпен кездесіп, үш сетке жалғасқан матчта 5:7, 6:3, 6:3 есебімен қарсыласын қапы қалдырды.

Боксшы қыздар 2 алтын, 7 күміс медаль еншіледі

Испанияның Ла Нусия қаласында ұйымдастырылған бокстан Boxam Elite-2024 турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды. Бас жүлде үшін өткен бәсекеде Жазира Орақбаева (52 кг) мен Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) топ жарып, жарыс жеңімпазы атанды. Ал Әйгерім Сатыбаева (48 кг), Назым Қызайбай (50 кг), Әнел Сақыш (54 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Мәдина Нұршаева (70 кг), Гүлсая Ержан (75 кг) және Фариза Шолтай (81 кг) күміс жүлдеге қол жеткізді.

Семсершілер әлем кубогінде үздік нәтиже көрсетті

Швейцарияның Базель қаласында өткен семсерлесуден әлем кубогінде Қазақстан құрамасының спортшылары шпага бәсекесінде күміс жүлдегер атанды.

Қазақстандық мерген күміс жүлде қанжығалады

Никита Чирюкин Каирдегі әлем кубогінде 25 метрден тапаншамен жылдам нысана көздеуде екінші орын алды. Ол тек Оңтүстік Корея спортшысы Сон Жун Хоға есе жіберді. Никитаның еншісінде – 31, ал жеңімпазда – 37 ұпай. Қола жүлде алған Флориан Петер (Германия) 27 рет дөп тигізді.

Дзюдо

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Нұрлыхан Шархан әлемдік Grand Slam жарысының қола жүлдегері атанды. Ширек финалда Александр Куколды (Сербия) қосымша уақытта вазари ұпайымен ұтып, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионы испаниялық Николоз Шеразадишвилимен кездесіп, қарсыласына есе жіберген болатын. Ал 3-орынға таласта (-100 кг) швейцариялық балуан Даниэль басым түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2059120-aleksandr-bublik-zane-nazym-qyzaibai-qazaqstandyq-sportsylar-otken-aptada-qandai-zenisterge-zetti/

pixel