jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Александр Бублик мансабындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді

    Теннисші Александр Бублик
    Теннисші Александр Бублик. Фото: PASCAL GUYOT/AFP via Getty Images

    Ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының рейтингінде жоғарылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бублик өткен аптада Монпельеде ұйымдастырлыған ATP 250 турнирінде жеңіске жетіп, кәсіпқой мансабындағы төртінші титулды иеленді. Сонымен қатар осы жарыс тарихындағы бірегей жетістікке қол жеткізді.

    Әлемдік рейтингтің жаңарған нұсқасында қазақстандық спортшы 27-орыннан 23-орынға көтерілді. Бұл оның мансабындағы ең жоғары позиция. Сербиялық теннисші Новак Джокович әлемнің бірінші ракеткасы болып қала берді, ал үздік ондықта ешқандай өзгеріс жоқ.

    Жақында Қазақстан азаматтығын алған Александр Шевченко 59-орыннан 56-орынға көтерілді. Денис Евсеев пен Бейбіт Жұқаев бір-екі позициядан айырылып, сәйкесінше 177 және 191-орынға орналасты.

    Александр Бублик мансабындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.